Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

35 просмотров

Синоптиктердің болжауынша, республиканың  кейбір бөлігінде  күн күркіреп,  қатты жел тұрады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда жауын-шашын жоқ.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
Атырау, Маңғыстау, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына  15-20 метрге дейін күшейеді.  Солтүстік Қазақстан облысында түнде және  таңертең тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.

Загрузка...