Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

28 просмотров

Қазақстан басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кейбір аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде қатты жел тұрып, дауыл соғады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 3-шілдеде Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-а дейін күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынның бірқатар аумағында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде найзағай онйнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз қатты жел тұрады. Маңғыстау облысында күндіз найзағай ойнайды.

Алматы облысында қатты ыстық болады. Атырау мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Загрузка...