Елімізде лаңкестік актілер қайталануы мүмкін — саясаттанушы

47 просмотров

ҚР Президентi жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин елiмiзде лаңкестiк актiлер қайталануы мүмкiн деп мәлiмдедi.

Бұл туралы саясаттанушы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz.

— Алматыда болған қайғылы оқиғалар бiз, яғни, қоғам мен мемлекет үшiн үлкен сабақ болды. Сондай-ақ, бұл осы қауiптерге қарсы әрекет ету проблемаларын шешуде күш бiрiктiруге ықпал етпек. Бiз сыртта, Орталық Азия аймағындағы лаңкестiк актiлерге назар аударамыз деп, iштегi «ұйқыда жатқан» ошақтарды байқамадық.

Менiң ойымша, осы қауiп-қатердi мемлекет пен қоғам деңгейiнде дұрыс бағаламау жалпы ахуалға ықпал етiп отыр. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейiн барлығы жылдам басылып қалды. Болған оқиғалар радикализмнiң бiр реттiк көтерiлiстерi деп бағаланды. Өкiнiшке қарай, мемлекет пен қоғамға терроризммен ұзақ күреске дайындалу керек, — дейдi Ерлан Қарин.

Сарапшының айтуынша, кеше Алматыда болған және маусымның басында Ақтөбеде болған оқиғалардан кейiн осындай рецидивтердiң қайталану қаупi бар.

Естерiңiзге сала кетсек, кеше Алматыда белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, Абай және Байзақов көшелері қиылысындағы Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратына жақын маңда қарулы ер кісі адамдарға оқ жаудырған. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Загрузка...