Елдос Сметов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

121 просмотров

Олимпиаданың алғашқы күндерін әжептәуір сәтті бастадық. Бұған қоржынға түскен медальдар дәлел. 

Безымянный
Елдос Сметов

Шілденің 6-ынан 7-ісіне қараған күні Риоада дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесу аяқталды. Ақтық сында балуанымыз Елдос Сметов пен ресейлік Беслан Мудрановпен кездесті. 

Алтын үшін талас тартысты өтті. Балуандар аяғына дейін бір-біріне алдырмады. Тек соңғы сәтте Елдос ресейлікке аяғын беріп қойып иппонға түсіп қалды. Осылайша Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов жартылай финалға дейінгі жолда Ливиядан келген Мохамед Ельхадиды, кейіннен британдық балуан Эшли Маккензиді айқын басымдықпен ұтқан болатын. Артынша өзіне жақсы таныс өзбекстандық дзюдошысы Диорбек Уразбаевты жеңген-ді. Ал жартылай финалда жерлесіміз әзербайжан Орхан Сафаровтан басым түсті.

Елдостың алдында әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен дзюдошы қызымыз Галбадрах Отгонцэцэг осы Олимпиададағы алғашқы қолда жүлдені қоржынға салған еді.

Загрузка...