Елді шулатқан әкімдік қызметкері табылды

58 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД  қызметкерлері жақында із-түзсіз жоғалған Шымкент қаласының тұрғынын тапты. 

Ахынов Амангельды

Естеріңізде болса, бұған дейін БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде 1988 жылы туылған Ахынов Амангелдінің жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. 2016 жылғы 16-мамырда Шымкент ішкі істер басқармасына Қаратау полиция бөліміне 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1988 жылы туылған ұлы, Ахынов Амангелді 2016 жылғы 11 мамырда жұмысынан шығып, әлі күнге дейін үйіне оралмағаны туралы арызданған. Осыған орай, ОҚО Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

Бүгін таңертең ОҚО ІІД криминалды полиция қызметкерлері жоғалған азаматты Қызылорда қаласынан аман-есен тауып үйіне қайтарды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Загрузка...