Елбасыға Түркиядағы жағдай баяндалды

70 просмотров

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиядағы әскери төңкеріс туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Бұл туралы Қазақстанның Анкарадағы елшілігінің өкілдеріне сілтеме жасап, Вnews.kz хабарлайды.

Ыстамбұл мен Анталиядағы консулдықтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиядағы жағдай баяндалды.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түрде жақын арада мәлімдеме жасайды.

Дипломаттың айтуынша, Қазақстан елшілігінің қызметкерлері Түркияда жүрген қазақстандық азаматтарын үйден шықпауын ескертіп жатыр.

Еске салайық, 16 шілденің түнінде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен.

Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарналар хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері бұғатталған.

Загрузка...