Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер тізеден малмандай су кешуі мүмкін

113

Бұл шетелдік мамандар Астананың бас ауруына айналған негізгі мәселені шешуге көмектеспек. Өйткені жауын жауса болды көлге айналатын бас қаланы судан тазартып, тұрғындарды тұншықтырған жағымсыз иістен құтылу оңайға соғып тұрған жоқ. Сондықтан қала әкімі шетелдік мамандарды да шақыртуға мәжбүр.

Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі:

Жаңбыр суы мен жағымсыз иістен тезірек құтылу үшін халықаралық институттардан мықты инженерлер мен сарапшыларды шақырдық. Солардан әлемнің үздік тәжірибелерін үйреніп, нөсер құбырларын салуды  жоспарлап отырмыз.

Әсет Исекешовтің жауын суымен қоса сасық иісті жоюға білек сыбана кірісуі бекер емес. Өйткені жауын жауса болды Елорданың ірі даңғылдарына дейін су астында қалады. Бұлай жалғасса «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне келетін қонақтар да осы иіске тұншығып, тізеден малмандай су кешуі мүмкін. Осы үшін алдыңғы әкім Әділбек Жақсыбеков те талай сынға қалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз