EgyptAir компаниясының А320 ұшағы 18 млн долларға сақтандырылыпты

20 просмотров

Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған EgyptAir компаниясының А320 ұшағы 18 млн долларға сақтандырылған. «Әл-Фагр» жаңалықтар порталының хабарлауынша, бұл туралы Misr Insurance сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Әдел Мұса мәлімдеді.

190516_103542_06709_2

Оның айтуынша, сақтандыру құнының соңғы бағасы қайғылы оқиғаның нақты себебі жарияланған соң беріледі.

«Әдел Мұса төлемдер апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының азаматтығына байланысты өтелетінін, себебі сақтандырудың осы түрі үшін бірыңғай стандарт белгіленбегенін айтады» деп жазады ТАСС.

Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнері апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті.
Ұшақта 12 мемлекеттің азаматы болған. Жолаушылардың жалпы саны — 56.

Загрузка...