ЕАЭО-ның көмекші органы құрылды

22 просмотров

Бүгін Ақордада өткенЖоғары  Еуразиялық  экономикалық кеңес отырысында мемлекеттер басшылары ЕАЭО-ның жаңа көмекші органын құру туралы шешім қабылдады.

BNews.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы журналистерге Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті.

— Бүгінгі отырыста ЕАЭО-ның жаңа көмекші органын, атап айтсақ одаққа мүше мемлекеттер халқының санитарлы-эпидемилогиялық әл-ауқаты саласында өкілетті органдар басшыларының кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Кеңес Одақ мемлекеттеріне келісілген саясат шараларын жүзеге асыруға жан-жақты көмектесуге, өкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіруге бағытталған, — деді Тигран Саркисян.

Загрузка...