Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-14
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Джоли құрлы жоқ па? Қазақ жұлдыздары неге бала асырап алмайды?

167

Біз не жаздық? Білесіздер ме?

Біз осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық баланы шетелдіктер асырап алғанын айтқанбыз. Ойлап көріңізші 9 мың. Тоғыз мың тастанды бала шетел асқан. 25 жылда ертең отбасын құрып, адам қатарына қосылатын 9 мың баладан “тірідей айырылыппыз”.  

Осы тоғыз мың баланың 6 мыңға жуығын АҚШ, яғни, америкалықтар асырап алған. Бір баланың құны да белгілі. Шамамен, 25-30 мыңның айналасында. Доллармен санаңыз. 

information_items_13622-700x445

Олар біздің болашағымыз еді, анығында. Біз болашағымызды саттық, саудаладық. Байқайсыз ба, біздің ел бала сатуды бизнеске айналдырған сияқты. Жоқ, кінә билікте емес. Мына біз бен сізде жатыр. 

Күні кеше Бас прокуратура хабарлады. Елімізде бала асырап алу фактісі кеміп, қайта заңсыз жолмен шарананы саудалау ісі бірнеше есеге өсіпті. Ал біз орыстың сөзіне еріп “АҚШ пен Батыс азып барады” дейміз.

Азып бара жатқан олар ма, біз бе?

Біз бала асырап алғымыз келмейді. Шетелді қараңызшы. Голливуд жұлдыздарын қараңызшы. Солар құдай біледі, жұмаққа барады. Себебі, бала асырап алады. Ананың жылуы мен әкенің мейірімінен қағылғандарды бауырына басады. 

Жоқ, рас қой. Көріп жүрміз ғой. Оқып жүрміз ғой.

Ал біздің әнші-бишілердің арасында бала асырап алған кімдерді білесіз? “Мейрамбек Беспаев ата-анасы тастап кеткен қазақтың қара баласын бауырына басыпты” дегенді құлағыңыз шалғаны бар ма? Болмаса, Қайрат Нұртастың қай жетімді паналатқанын естідіңіз? Сәкеннің ше (Майғазиевті айтамыз)? Бір қызды тәрбиелеп өсірген Мақпал Жүнісованың ата-ана қамқорлығынан қағылған бір емес, бірнеше жетімді бағып-бағып, жеткізетін жағдайы бар ғой. Солай емес пе?  

Еліміздегі әншілердің барлығы “шіріген бай”. Жоқ, рас. Той-бизнес оларға тіршіліктен тарықпай, күн көруге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ, өмір бақи сауық қууға бола ма?

Әрине, әншілер өзі біледі. Оларға өмір сүруді үйрететін біз емес қой. Белгілісі, олардың жағдайы бар. Жағдайы бар адам жақсылық жасаса, жаман ба? Айталық, осы уақытқа дейін шетел асқан 9 мың баланың, тым құрымағанда, тең жартысын еліміздегі қалталы деген – кәсіпкерлер, әншілер, тамадалар асырап алса, қазір біз шетелге бала сату жағынан әлемде үшінші орында тұрмас едік қой. 

Жарайды, осымен тоқталық. Іштегімізді айттық. Әрине, келіспейтіндер табылады. Біздікі, өз пікірімізді білдіру болатын. 

kazstar

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз