7-маусымдағы 1 АҚШ долларының ресми бағамы – 335,10 теңге. Ал ақша айырбастау орындарында бүгін америкалық ақша 336 теңгеден сатылып жатыр.
ҚР Ұлттық банктің 7-маусымға белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы – 335,10 теңге. Ал кешегі ресми бағам 337,77 теңге болған. Демек, бір күнде америкалық валюта құны шамамен 2 теңгеге төмендеген.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 333-334 теңге аралығында сатып алынып, 335-336 теңге аралығында сатылып жатыр.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 6-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 335,10 теңге деңгейінде нақтыланды.