Девальвацияның алтыншы толқыны: банктер де, халық та дайындалуда

182 просмотров

Маусымдағы валюта сатылымның күрт артуы күдігімізді растады. Бұл — алдымызда күтіп тұрған девальвацияның белгісі.

Банктер доллар алуға құмар

Шілденің ортасында валюта нарығындағы белсенділік әжептеуір байқала бастады. Сарапшылар Қазақстан Қор биржасының (KASE) валюта нарығындағы сауда көлемінің күрт өскені туралы айта бастады — маусымда ол мамырмен салыстырғанда, 45 пайызға артқан. Биржа мамандарының мәліметтері бойынша, айырбас нарығындағы айналым 1,7 есе артса, спот-нарықта айналым небары 6,4 пайызға көтерілген. Ал 11-шілдеде базалық ставканы күрт (жылдық 15 пайыздан 13 пайызға дейін) төмендеткен Ұлттық банктегілер осымен бір мезетте ақша нарығындағы өтімділіктің құрылымдық пайдасын, яғни, ол жерде әдетте алыпсатарлық операцияларға құятын „артық„ қолма-қол ақшаның болғанын мойындады. Осы басы артық өтімділікті орталық банк нарықтан белсенді түрде алып, оның орнына өзінің бағалы қағаздары – ноталарды ұсынады. Алайда олардың табыстылығы бір мезетте болуы мүмкін теңге девальвациясы болған жағдайда түсетін ұтыстан төмен болады.Сондықтан екінші деңгейдегі банктер валюта қорын жасақтауды жөн көреді — табысы молырақ болады.

Евро да күшейіп барады

Бәрінен бұрын евроның сатылымы өскен — ол 28,6 пайызға артып, 69,6 млн евроға жеткен — бұл жылдың ең жоғарғы көрсеткіші. Рубль бойынша да едәуір өсім қалыптасқан – орыс валютасының сатылымы 8,4 пайызға артып, 10,5 млрд рубльді құраған.

Доллар бойынша, сәуірде қалыптасқан құлдырау үрдісі сақталған. Маусымда мамырмен салыстырғанда, көпшілік көк ақшаны 7,2 пайыз аз тапсырған, бұл абсолюттік шамада — $578,2 млн, жылдың ең төменгі көрсеткіші. Алайда егер бұрын мұны көпшілікте „басы артық„ теңгенің болмауымен түсіндіруге болса, қазір

айырбастау орындарының клиенттері қолма-қол долларды жаңа девальвация орын алып қала ма деген қауіппен
сандық түбіне салып қойған сыңайлы.

Еуропа валютасы бойынша керісінше үрдіс қалыптасқан – маусымда көпшілік айырбастау орындарына евроны мамырдағының үштен бірінен артық тапсырған. Абсолюттік шамада – 47,2 млн евро, осы жылдың ең жоғарғы көрсеткіші. Айырбас орындарының ресейлік қолма-қол валютаны сатып алуы да жоғарғы шамасына жеткен – ол мамырмен салыстырғанда, 18,1 пайыз өсіммен 4,7 млрд рубльге жеткен.

ҚР валюта айрбастау орындарының шетелдік қолма-қол валютаны сатып алуы/сатуы

123-5-e1469511574215

 

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Загрузка...