Депутаттар ұялы телефон ұстауға тыйым салған заңға құлақ аспай ма?

49 просмотров

Бірқатар халық қалаулылары қызметтік орындарына заң жүзінде тыйым салынған ұялы байланыс құралдарын алып кіріп, тура жұмыс үстінде емін-еркін пайдаланып жүр. 

«Бұған дәлел Парламент Мәжілісі палаталарының біріккен отырысында бірқатар депутаттар қымбатты қымбатты ұялы телефондарын шұқылап, бір-біріне әлденелерді көрсетіп  фототілшілердің нысанасына ілінді» – деп хабарлайды newtimes.kz .

Жұмыс орындарына телефондарын қолтықтап кірген депутаттардың арасында Зәуреш Аманжолова, Мұхтар Тінікеев, Артур Платонов, Майра Айсина, Азат Перуашев, Бекболат Тілеухан,  білдей Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бар.

Еске салайық 24 наурыздан бері барлық мемлекеттік органдардың ғимараттарына ғаламтор желісіне қосылатын байланыс құралдарын (ұялы телефондарды) алып кіруге тыйым салынған болатын. Аталған депутаттар бұл заңнан хабарсыз ба, қалай өзі?

2528

82

54368

78546

Загрузка...