Данияр Елеусіновке «Алтын жүрек-2016» сыйлығын беру ұсынылды

33 просмотров

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «Алтын жүрек-2016» сыйлығына ұсынылды.

Бұл туралы «Бауыржан» қайырымдылық қорының ресми өкілі Айнұр Сәлімбаева мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Спортшыны Батыс Қазақстан облысындағы «Бәйтерек» мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы ұсынып отыр. Оны «Мүгедектерге жәрдем» аталымы бойынша марапаттау сұралып отыр», — деді Айнұр Сәлімбаева.

«Алтын жүрек-2016» сыйлығы иегерлерінің есімі 27-қазанда белгілі болады. Айта кетейік, мейірімді жандарды марапаттау шарасы елімізде 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Оның ережесі бойынша «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл бойы адамдардан жан жылуын аямайтындарды іздейді.

Жыл сайын аталған сыйлық 11 аталым бойынша беріледі.

Еске сала кетейік, чемпион Данияр Елеусінов Олимпиада алған сыйақысының 10 млн теңгесін мүгедек балаларға жәрдем ететін «Бәйтерек» қорына аударған болатын.

Загрузка...