ҰБТ-2016: үшінші күннің нәтижелері

90 просмотров

2- және 4-маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 мектеп бітіруші қатысты, соның ішінде, қазақ тілінде – 42186, орыс тілінде – 16157 түлек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

image

Тест тапсырудың үшінші күні 70 пунктте өткізілді. Ұлттық бірыңғай тесттің үш күнінде ең жоғары 125 балды 11 мектеп түлегі жинады. Үш күнінің қорытындысына сүйенсек, тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 мектеп бітіруші емтиханнан шығарылып жіберді.

Бірыңғай ұлттық тесттің екі күнінде республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде, 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни, ол жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5 пайызын құрайды.

Негізінде, бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Бірыңғай ұлттық тест емтихандарының үш күнгі қорытындысының нәтижесінен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.

Загрузка...