Бруктың орнында болғанымда, Головкинді сабап тастар едім — Фроч

75 просмотров

Британдық боксшы орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Карл Фроч өзінің отандасы Келл Брукты жақтап, осылай депті.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

«Егер мен Бруктың орнында болғанда, Головкинді сабап тастар едім. Себебі, денесінде күш-қуаты тасыған мына мен-толағайды оның жеңуі екіталай болар.

Жалпы, Головкин суперорта салмақ деңгейіне жетпей, сол өзінің бұрынғы салмақ деңгейін сақтап қалады», — деді Фроч IFL TV-ге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Головкин 11-қыркүйектің таңында британдық былғары қолғап шебері Келл Брукты мезгілінен бұрын жеңіп, спорттық мансабындағы 36-кездесуді де таза жеңіспен тәмамдаған-ды.

7ef24cbf5e4c9f4df5b279813d8ebfd3_l

Загрузка...