Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Болат Жәмішев ШЫҰ Банкаралық бірлестігі кеңесінің төрағасы болып сайланды

Ол отырыста шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларды қолдау бағдарламасын назарға ұсынды. Ұсынылған өзара іс-әрекет сызбасы жеткізілген тауарға аккредитивтік ақы төлеу әдісімен, сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» АҚ-тың туындаған тәуекелдерін сақтандыруға қатысуды жоспарлайды.

Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан даму банкі тарапынан қарыз қаражатын ұсыну 9 жылға дейінгі мерзімді құрайды, несиелеу валютасы – АҚШ доллары, бір мәмілеге қаржыландыру лимиті серіктес банкке байланысты 10 млн-нан бастап 50 млн АҚШ долларына дейін құбылады.

Отырыс барысында ШЫҰ банкаралық бірлестігіне қатысушы-банктер арасындағы инвестициялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз