Биылғы 4 айда қоғамдық көліктің қатысуымен 350 жол-көлік оқиғасы орын алған

24 просмотров

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, еліміз бойынша  2016 жылдың  4 айында  2015 жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 2 пайызға төмендеді.

14371086975kqpv

Еліміздің жолдарында  5038 жол-көлік оқиғасы болып, онда  6977 адам зардап шекен. Бұл ЖКО салдарынан 541 адам көз жұмды. Ал өткен жылдың осы  кезеңінде 5139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  онда  7139  адамның денсаулығына зақым келген, оның ішінде 602-сі қайтыс болған.

ЖКО салдарынан 1118 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 37-і қаза тапты.

Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, жол апаттарының себептері  өзгермеген. Жалпы, 90 пайыздан астам ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Атап айтқанда 4785 апат жасалған, оның ішінде 138 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.

Ең көбісі, яғни 1458 ЖКО жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 221 адам ажал құшып, 1746-сы жарақаттанды.

Биылғы жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 350 ЖКО болып, онда  22 адам қаза тапты, 473-і жарақаттанды.

Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Загрузка...