Қазақстанның 2016 жылғы экономикалық өсімі нөлге жақындайды. Осындай болжам жариялаған Дүниежүзілік банк Қазақстан үшін алдағы жылдар жағымды жаңалыққа толы болатынын ескертеді.
Қазақстан экономикасы халықаралық нарықтағы бағасы тоқырауға ұшыраған мұнайдың жайына байланысты өспейді. Ал отандық экспорт Еуро одақ, Ресей және Қытай экономикалары дамуының тежелуіне байланысты күрт қысқаруы ықтимал.
Дүниежүзілік банк сарапшылары жарты жылдықты қорытындылаған баяндамасында біздің елге қатысты осындай болжам айтты.
Дегенмен Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2017 жылы 1,9 пайызға көтерілуі ықтимал.
Бұл халықаралық нарықтағы мұнай бағасының ақырындап көтерілуі және Қашаған кен орнының іске қосылуымен байланыстырылады.
Дүниежүзілік банктың болжамы бойынша, 2016 жылы мұнай баррелінің орташа бағасы 41 доллар болмақ. Дегенмен „қара алтын„ 2017 жылы 50 долларға дейін, 2018 жылы 53,3 долларға дейін жоғарылайды делінеді.