Бір ай ішінде мұнай 14 пайызға күрт арзандады

25 просмотров

Биыл шілде айында Brent мұнай маркасының бағасы 14 пайызға арзандады.

ICE Futures мәліметі бойынша, 1 шілдеде мұнай бойынша жасалған келісімшарттарда баға 50,89 доллар деп көрсетілген еді. Араға бір ай салғанда, яғни 1 тамызда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 43,69 долларға бір-ақ төмендеді.

Шілде айында „қара алтын„ Нигерия мен Канададан мұнай көптеп өндіріле бастағандықтан қымбаттаған еді. Еуропа, Қытай мен АҚШ-та жанар-жағармай қоры да артты.

Бүкіләлемдік банк Қазақстанның биылғы жалпы ішкі өнімі нөлге жақындайды деп болжады. Қазақстанның шикізат экспорты Еуро одақ, Ресей мен Қытай өсімінің бәсеңдеуіне байланысты күрт қысқармақ. Осы жағынан алғанда, биылғы жыл Қазақстан үшін ауыр болмақ.

Fitch Ratings агенттігі, 2016 жылы Brent және WTIО маркалы мұнайдың бір баррелі 35-тен 42 доллар аралығында болуы ықтимал деп белгіледі. Қазақстанның энергетикалық секторындағы компаниялар өз жоспарында осы деңгейді ұстанатын болады.

Загрузка...