Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі болып тағайындалды

Сондай-ақ министрлікте ақпаратпен қамтамасыз ету департаменті құрылып жатқандығы, болашақта бұл департамент қоғаммен байланыс жұмысын жетілдіретіндігі айтылады.

Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысында 1977 жылы дүниеге келген.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

„Дарын„ Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Берік Уәли «Еркін сөз», «Дода» сынды қоғамдық-саяси ток шоудың, „Хабар„ арнасындағы „Бетпе-бет„ бағдарламасының жүргізушісі және «Аманат» интеллектуальдық клубының жетекшісі ретінде танымал.

Бұған дейінгі қызметінде ол „Нұр Отан„ партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз