Әбдішев бостандыққа шығады

33 просмотров

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын түрмеден босатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол жемқорлық дерегі бойынша сотталған болатын. Енді ол бостандыққа толыққанды шығу үшін бірнеше рәсімнен өтуі тиіс. Бұған шамамен 15 күндей уақыт кетеді.

абдишев

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмагүл Шуженова бүгін сотталушының өтінішін қабыл алып, өз шешімін шығарды. «Әбдішевті мерзімінен бұрын босатып, оған 1 жыл 4 ай 4 күнге пробациялық бақылау орнатылсын» деді судья.

Естеріңізге салайық, Бауыржан Әбдішев жемқорлыққа қатысты бірнеше бап бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Нақты айтқанда, экс-әкім кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін және кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін былтыр 11 желтоқсанда сотталған. Алайда, апелляциялық сот аталған мерзімді 3 жылға дейін қысқартты. Айыпты абақтыда 1 жыл 7 ай 25 күнін өткізгендіктен және үлгілі тәртібімен көзге түскендіктен сот оның үкімін шартты жазаға алмастырып отыр. Түрмеде Әбдішев өзге сотталушыларға білім берумен айналысқанын айта кету керек.

Загрузка...