Баян Мақсатқызы күйеуін қорыққаннан кешірді ме?

1 044 просмотров

Баян Мақсатқызы өзін өлтіруге шақ қалған бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевты не себепті кешіргенін айтыпты беріпті. 

«Мен оны кешіруді жөн деп таптым. Бұл менің шешімім. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Бұл өткен өмір. Оның бетін жаптым. Менің балаларымның әкесі бар. Ал өзім өз бақытымды іздейтін боламын» деп жазды Инстаграм парақшасында продюсер. 

Айта кетелік, Баян Мақсатқызының күйеуін кешіргенін кешегі сотта продюсердің қорғаушысы болған Марат Асқарбеков жария етті.

«Оған бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Дегенмен ол дұрыс жасады. Балаларының тағдырын ойлады» деді Талдықорғанда өткен сот отырысында сөз алған адвокат.

Өз кезегінде әлеуметтік желі қолданушылар Баянның бұл шешіміне қатысты түрлі пікір білдірген екен. 

«Алтын басты Баяннан, бақыр басты күйеуі күшті болып тұр. Екі қызының өмірін бұзбау үшін кешірді. Сосын күйеуін түрмеге қамап тастаса, ол өшігіп алар еді. Ертең босап шыққасын Баянның соңынан түсер еді» дейді желі қолданушылары. 
20161018163203-840x420

 

Загрузка...