Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Мен мұны білмеймін

1 532 просмотров

Күйеуімен арадағы жанжалдан кейін жүйкесі жұқарған продюсер Баян Есентаева әзір Үндістанда жүр. 

Бұл жерге ол өзінің денсаулығын түзеу үшін келіпті. Баян жай жүрген жоқ. Көптен бері көкейінде жүрген ойларын өзінің Инстаграм парақшасында жазуда.

«Өткен өмірде қандай болғанымды еске түсіргім келеді. Жаңа Баянды жолықтырғым келеді. Бірақ, таппай жүрмін. Менің өмірім өткен мен бүгінге бөлініп кеткендей. Ендігі Баян қандай өзі? Мұны өзім де білмеймін» деп жазыпты Есентаева.

Ал әлеуметтік желідегі қауым мұны неге жорырын білмеген екен. «Өзіңіз үшін. Қыздарыңыз үшін. Сізді асыға күтіп отырған халық үшін қайта оралыңыз. Сынбаңыз. Тек алға деңіз» деп жазыпты желідегі жұрт.

Загрузка...