Бавариядағы жарылысты жасаған сириялық азамат болып шықты (видео)

25 просмотров

Бавариялық Ансбах қаласындағы мейрамхананың кіре берісінде қатты жарылыс болды. Бір адам мерт болып, 12 адам жарақаттанды, оның үшеуінің жағдайы ауыр. Кейіннен белгілі болғандай, көз жұмған адам өз-өзін жарып жіберген болып шықты.

Өзін жарған адамның кім екенін анықталды деп хабарлайды Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап, ukrinform.ru.

Ол Сириядан келген босқын болып шықты. Бастапқыда жергілікті басылымдар жарылыс қаладағы бір мейрамханада орын алды, оған себеп газ болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұл ақпарат расталмады.

Жергілікті полицияның мәліметінше, басты күдікті мерт болған адам. Ол жарылыстан соң тірі болған, бірақ алған ауыр жарақатына байланысты артынан көз жұмған.

Баварияның сыртқы істер министрі Йоахима Херрманның айтуынша, ол Ansbach Open фестивалін тамашалауға барған, алайда оны ешкім жібермей қойған. Одан кейін сол маңдағы мейрамханада жарыс орын алған. Болған оқиғаға байланысты концерт ортасынан тоқтады.

NordBayern басылымы хабарлағандай, баспасөз мәслихатында Ансбах прокуроры Михаэль Шретбергер шарап барында өзін-өзі жарған адам 2 жыл бұрын Германияға барған 27 жастағы Сирия азаматы екенін хабарлады.

Бір жыл бұрын оған германиялық азаматтықты алуға берген өтініші қабалданбаған, алайда азаматтық соғыс аяқталғанға дейін Ансбахта қалуға рұқсат берілген.

Бавария ішкі істер министрлігінің басшысы Йоахим Херрманн сириялық Германия аумағында екі рет өз-өзіне қол салмақ болғанын мәлімдеді. Алайда бұл жолы өзге адамды өлтірмек ойы болғаны беймәлім.

Сириялықтың радикалды топтармен байланысы бар не жоғы белгісіз.

 

Загрузка...