Баукең мен кішкентай балдырғанның бейнесі сақталған суреттің тарихы қандай?

55 просмотров

Мына бір суретте Баукең елжіреп, құшағына басқан балдырған кім? 

jhkjk (1)Бала кезінде батырмен суретке түсу бақытына ие болған бұрынғы бұрымы бір қарыс балдырған, бүгінгі қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі болып шықты. Ол Толқын Забирова екен. Бұл туралы  жазған elana.kz осы фососурет – әнші үшін аса қымбат һәм қадірлі бұйым­дардың бірі дейді. Бойтұмардай сақтап жүрген қастерлі дүние. Үлкейтіліп, әдемі фотожиекке са­лынған фотосурет қазір Толқын Забированың шаңырағының тө­рінде ілулі тұр.

Толқын Забирова: «Сол кездер есіме түссе, көзіме жас келеді. Ол кездегі адамдардың шына­йы көңіліне, бір-біріне деген ықы­­лас-пейіліне таңғаламын. Әжем­нің Баукеңе арнаған өлеңін үйде ұмытып кеткенін менен кө­ріп, ұрысқан сәтін сағынамын. Бауыржан атамыздың қаталдығы, сұсты адам екендігі туралы көп айтылады. Бірақ мен үшін жұмсақ мінезді, мейірімді адам сияқты. Бұл фотосурет мен үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін де ыстық деп ойлаймын», деді.

Бауыржан Момышұлы мен кішкентай балдырғанның бейнесі сақталған фотосуреттің тарихы осындай.

Загрузка...