Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс жасады деп айыпталған әкімге ашынасы араша түсті

760 просмотров

Келіншек соттан өзін өлтірмек болған көңілдесі, яғни Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиевті босатуды сұрап отыр.

Бұл туралы КТК хабарлады.

Сегіз жерінен пышақталып, өлім аузынан қалса да Кристина Сәлімгереева оны кінәлі емес деп, аппеляциялық шағым түсірді. Бір қызығы, мені өлтірмек болды деп бұған дейін сотқа берген де өзі болатын.

Ақпан айында Жеңіс Серікқалиев көңілдесі Кристина Сәлімгерееваны өлтірмек болғаны үшін тұтқындалған. Қылмысын жүзеге асыру үшін әкім қарамағындағы бөлім басшысы Қажымұратов пен жүргізушісі Ысмағамбетовты да араластырады.

Сот шешімімен экс-әкім сыбайласы болған бөлім басшысымен бірге 11 жылға, ал киллер қызметін атқарған жүргізушісі 10 жылға сотталған болатын. Кристинадан бөлек, Қажымұратов пен Ысмағанбетов те кері шағым түсірді. Ал Серікқалиевтің өзі әзірге үнсіз.

bezymyannyj

Загрузка...