Батумиден елге орала алмай отырған қазақстандықтарға көмек көрсетілді

13 просмотров

Грузиядан елге жете алмай отырған жерлестерімізді тиеген ұшақтың бірі Атырауға, тағы бірі Астанаға келіп қонды. Грузияның Батуми қаласында Қазақстанның әлі де 108 турисі қалып отыр. Олар таяу уақытта елге оралады.

Бұл туралы Инвеситициялар және даму министрінің туризм жөніндегі кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров мәлім етті.

«Батумиде 108 адам қалды», — деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Батумиден ұшып шыққан 100 адамы бар екінші рейс бүгін Астананың халықаралық әуежайына аман-есен қонды. Ал қазақстандық туристерді елге жеткізетін үшінші рейс бүгін түстен кейін Батумиден ұшып шығады деп күтілуде. Рейсті Bek Air компаниясы орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыздан бастап 300-ге жуық қазақстандықтар Батумиден Қазақстанға ұша алмады. Қазақстанға рейстерді тоқтату «SKYBUS» авиакомпаниясының әуе кемелерін әзірлеушілердің ұшу жарамдылығы директивін орындамауына байланысты орын алды. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, 4-тамызда «SKYBUS АҚ бірінші басшысымен мәжіліс өтті. Жиын барысында 15-тамызда туристік фирмаларға қызмет көрсету шешімі қабылданды.

Бұдан басқа, Азаматтық авиация комитетінің тұрақты қадағалау бағдарламасының аясында ұшу жарамдылығы директивін орындау мерзімдерін сақтау бойынша сәйкессіздік анықталды. Осыған орай, 26-тамызда «SKYBUS» АҚ Bombardier CL-600-2B19 „борттық нөмірі UP-CJ009 және UP-CJ010„ әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының сертификаттарын тоқтата тұру шешімі қабылданды.

Загрузка...