Бүгін елімізде күн ашық болады

18 просмотров

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік және оңтүстік-батыста атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола, Қостанай облыстарында кейбір аудандарда түнде және таңертең тұман байқалады, найзағай жарқылдайды, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел тұрады.

Павлодар, Карағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Алматы  Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...