Бүгін Астанада стритболдан әлем чемпионаты басталды

49 просмотров

1-5-маусым аралығында Елордада алғаш рет стритболдан əлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 30 елден 200-ге тарта спортшы қатысады, — деп хабарлайды Bnews.kz.

ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов халықаралық дəрежедегі жарыстың өтуі елімізде стритболды дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

— Тəуелсіз қазақ тарихында стритболдан əлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушыларға ерекше ризашылығымды білдіремін. Елімізде аталмыш спорт түрін дамыту бойынша түрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соңғы 7 жылда елімізде 20-дан астам стритбол жарысы өткізілді, -деді ол.

Әлем чемпионатының тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасы мен FIBA-ның Youtube-тегі ресми каналынан тамашалауға болады.

Матчтар жасөспірімдер мен қыздар арасында 4 топта өтеді. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия жəне Катар ойыншыларымен бірге С тобында өнер көрсетеді.

Қыздар командалары да бөлек 4 топта сынға түседі. Біздің қыздар Нидерланд, АҚШ, Италия, Польшамен бірге В тобында алаңға шығады деп жоспарланған.

Стриболдан əлем чемпионатының ұйымдастырушылары – Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA 3×3), Қазақстанның стритбол лигасы (SLK), ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы.

Загрузка...