Қазақ жауынгерінің мүрдесі еліне жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды

138 просмотров

Киевте соғыс кезінде жерленген қабірлерді аршыған «Украина іздеу отрядтарының кеңесі» қазақстандық жауынгердің аты-жөнін анықтады.

Қазақ жауынгері жерленген жердің маңынан сарбаздың аты-жөні жазылған котелок (табыс ішетін ыдыс) табылды. Онда «Сатыбалды Мұхамедиев» деп жазылған. Бұл туралы Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент хабарлады.

Мұхамедиевтің мүрдесін Украина іздеу отряды биылғы жылдың 10 шілдесінде тапты. Жауынгер Киев облысы Иванов ауданында жерленген екен. Мүрде аршу барысында, жауынгердің ауыр жарақаттан қаза тапқаны белгілі болды. Оған снярадтың сынығы тиген, салдарынан мойын тұсынан жарақат алған, ал бел омыртқасы денесінен бөлініп кеткен.

Қазақ жауынгерінің мүрдесін тапқан отряд мүшелері бірден Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне хабарласады. 73 жыл өткесін сарбаздың денесі туған жеріне жеткізілді. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сатыбалды Мұхамедиевті жерлеу Алматы облысы, Қарабұлақ ауылында өтті.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің дерегінше Мұхамедиев 1925 жылы Талдықорған облысы, Жалғызағаш ауылында туған. 1942 жылы әскерге шақырылған. 1943 жылдан бері жоғалдыға саналған.

— Атам 17 жасында майданға аттанды. Ол өзінің жасын үлкейтіп көрсеткен. Соңғы хатында ол: «Днепр үшін шайқасып жатырмыз. Ұзақ уақыт хат-хабар алмаса алмай қалуымыз мүмкін» деп жазған. Сол уақыттан бері одан хабар болған жоқ. Біз Украинаға бардық. Отрядпен таныстық. Олар бізге атамыздың қайтыс болған жерін көрсетті. Ол жерде аты-жөндері белгісіз көптеген жауынгер жерленген екен» дейді ардагердің туысқаны Гүлсім Ысқақова.

Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің дерегінше Екінші дүниежүзілік соғысқа облыстан 120 мың адам аттанған. Олардың 57 мыңы үйіне оралмаған. Ал 25 мың адам үшті-күйлі жоғалып кеткендердің санатында.

ikonka-1

satybaldy-mukhamediev_9

satybaldy-mukhamediev_1

satybaldy-mukhamediev_2

satybaldy-mukhamediev_3

satybaldy-mukhamediev_8

 

Загрузка...