Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Қазақ қыздары неге арзан? Кім көрінген пайдаланып жүр!» — журналист

276

Ал кіндігінен өрбіген ұрпағына ата тегін беруге түрлі сылтаулар айтып қашқақтайды. Бұл жас тоқалдың өмірін өксітіп, перзенттерін тірі жетім еткенмен бірдей емес пе? Ешқандай дүниеге айырбасталмайтын әкелік махаббатты қайда қоямыз? Әлгіндей еркектер дүниеге келген баласын перзентханадан алып шығудан қорқады.

Неге оларға басымен істегенін мойынмен көтермеске. Екі әйелге шамасы келмеген адам қалай ел басқармақ?! «Менің аты-жөнімді айтушы болма, мен үшін бірінші кезекте отбасым тұр», — дейтіндер де табылады мына қоғамнан. Қоғамдағы тастанды балалардың денінің әкесі аты-жөнін беруден қашып жүр.

Қазақ қыздары тышқақ лақ құрлы жоқ па?

Бұл жерде солқылдақ заңның да кесірі тиіп тұр. Осы тұрғыдан келгенде, «көкек аналарды» ғана емес, «қыран» әкелерді де тұзақтайтын заң керек. Әйтпесе бәрі бекер. Менің айтпағым — солқылдақ заңға «жағдайы келіп тұрса, ұрпақ үшін екінші әйел алуға болады» деп енгізсе. Балаға әкенің ныспысын беруге, балаға бар жағдайды жасауға ерекше талап қойылуы керек. Оны орындамаған жағдайда қызметінен қуылып, қатаң жазалар қолданылса.

Шетелдіктер алатын қыздың құнын белгілеу керек!

Шетелде оқыған қыздардың намыссыздығынан «жиендеріміз» әлемнің түкпір-түкпірінде көбейіп келеді. Күлеміз бе, жылаймыз ба?

Қазақ қыздарының құны неге соншалықты арзандап кетті, ағайын? Мысалы, Мысырда жат жұрттың қызын алатын болса, 100 мың АҚШ долларын сұрайды. Өзге де елдердің қыздары алтыннан ардақты.

Ал біздің қыздарымыз тышқақ лақ құрлы жоқ па? Кім көрінген пайдаланады, еліне жетектеп алып кете береді. Яғни ондай күйеу болғысы келгендерге заң жүзінде тосқауыл қою қажет. Мысыр, немесе Түркіменстан сияқты қымбат баға қоялық. Сонда ол намысымызды да, қыздарымызды да қорғайды. Өзге де елдерде қыздары алтыннан ардақты. Ал бізде ше? Өзіңіз ойлай беріңіз…

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтемеден таныса аласыздар”.

IMG_0286

Сәуле Мешітбайқызы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз