Қазақстандықтар футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде тамашалай алады

37 просмотров

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарнасы 10 маусым мен 10 шілде аралығы Фрнацияның 10 қаласында өтетін футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы айтты.

15-ші Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет 24 команда сынға түспек. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпионаттың әр күні қазақстандықтардың назарына 3 матч ұсынылады. Кешкі сағат 18:50-де басталатын күннің алғашқы ойынын «Kazsport» телеарнасы, ал, сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды «Қазақстан» Ұлттық телеарансы тікелей эфирде көрсетеді.

og-default

Загрузка...