Қазақстандық 6 спортшы тағы допинг дауына ілікті

47 просмотров

2008 жылғы Пекин олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшының допинг сынамасы оң нәтиже берген.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) ресми сайтында хабарлады, деп жазады azattyq.org

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық алты спортшының Пекин олимпиадасы кезіндегі алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде күдік тудырған. Енді Халықаралық олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі В сынамасын тексеру процесін жүргізеді. Бұл шара 18-26 шілдеде Лозаннада (Швейцария) қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті В сынамасы оң нәтиже берген жағдайда ғана спортшылардың аты-жөнін жариялайды.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген.

Загрузка...