Қазақстандық атлет Владимир Седовтың неге ашуланып жүргені белгілі болды

29 просмотров

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың неге ашуланып жүргені белгілі болды. Ол 2007 жылы ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің өзінің атынан ипотека алып, төлемей кеткенін айтады.

Бұл туралы спортшы Инстаграмдағы парақшасында жазды.

“2007 жылы бас бапкер Алексей Ни БТА бакнктен менің атымнан үш бөлмелі пәтерді ипотекаға,жалпы сомасы 150 000 долларға рәсімдетті. Алайда біршама уақыт өткен соң несиені төлеуді де қойды. Ал банк менің отбасымды ұдайы мазалады: сіздердің ұлдарыңыз ипотека алып төлемей жүр деп ата-анамның басын қанша рет қатырды.

Ол тек ипотекалық қарызды 2012 жылы ғана жапты. Осындай қиындыққа төзіп жүріп мен әлем чемпионатын да ұтып алдым. Ал сіздер менің жүйкем алжасқан дейсіздер”, – деп жазды Седов.

Владимир Седов осының алдында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында үстіне ресейлік зілтеміршінің суреті салынған жейдені киіп шығып, оны көрермендерге лақтырып шу шығарған. 94 келіге дейінгі салмақта сынға түсуі керек болған спортшы, алаңға шыққанымен зілтемірді көтермей кеткен еді. Кейін ол бұл әрекетке Илья Ильинге ренжігеннен бардым деп айтты. Тіпті, екі дүркін олимпиада чемпионына бірнеше рет доқ көрсеткен.

Талдықорғандағы оқиғадан соң бас бапкер Алексей Ни Седовтың ұлттық құрамадан шеттетіліп, олимпиадаға бармайтынын хабарлады.

Загрузка...