Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күні енгізіле ме?

47 просмотров

Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысқа ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова пікір білдірді. 

Еске салайық, бұдан бұрын адвокат Жангелді Сүлейменов бес күндік жұмыс уақытында 7 сағаттан артық жұмыс істемеуге, яғни жұмыс күнін 35 сағатқа қысқартуды ұсынған еді.

«Біріншіден, бізде сегіз сағаттық жұмыс күні. Бұл әлемдік тәжірибеде қабылданған стандарт. Алайда өзгермелі жұмыс кестесі бар, толық емес жұмыс күндері бар. Бұл иілгіш режим Еңбек кодексінде толықтай қарастырылған. Сондықтан жұмыс берушінің мүмкіндігі болса, жұмысшы жұмыс істеуге дайын. Мәселен Германияда иілгіш жұмыс кестесі көп қолданылады, адам бірнеше ұйымда жұмыс істей алады. Сондықтан бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің ниетіне қарай. Соған қарағанда бұл жұмыс көлеміне, жұмыс түріне және қайда жұмыс істеуіне байланысты»

— деп атап өтті Дүйсенова.

Ал Жангелді Сүлейменов 35 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс күнінің ұзақтығын 4,5 күнге қысқартуды ұсынып отыр. Яғни, адамдардың жұма күні түске дейін жұмыс істеуі үшін. Себебі, Сүлейменовтің пікірінше, адамдардың көпшілігінде демалуға уақыт қалмайды. «Осылайша жұмыс күні сағат 17-00-де аяқталады, ал сағат 8-00-ден бастап жұмыс істейтін адамдар сағат 16-00-ге дейін ғана жұмыс істеуі қажет. «Парето заңына немесе Парето қағидасына сәйкес «Салынған күштің 20 пайызы одан шыққан нәтиженің 80 пайызына әкеледі, ал салынатын күштің қалған 80 пайызы нәтиженің тек 20 пайызын береді», — деді адвокат.

Загрузка...