Қазақстан жоғары халықаралық беделге ядролық қарусыз қол жеткізді — Назарбаев

48 просмотров

Бұл туралы бүгін Астанадағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Елбасы ширек ғасырда Қазақстанның үлгісінде бейбітшілік пен ядролық қарусыздану жолында тиімді модель құрылғанына тоқтала келе, осы модельді әлемнің барша елдеріне пайдалануды ұсынатынын айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осы ретте Президент Қазақстан Тәуелсіздігін ядролық полигонсыз алғанын,  егемен еліміздің іргесі ядролық қарусыз да нығайтылғанын қадап айтты.

«Қазақстанның жоғары халықаралық беделіне ядролық қарусыз қол жеткізілді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы конференция барысында Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында барлық негізгі халықаралық келісімдердің қатысушысы болып табылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ төрт панельдік сессиялар өтеді. Конференцияның қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің (PNND) халықаралық ұйымы болып табылады. Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтуде.

 

Загрузка...