Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстан неге әлі күнге «советский» брендтерді сағынып жүр?

122

Биыл Тәуелсіздіктің 25-ші жылы . Желтоқсанда тойлаймыз. Тойлауға тиіспіз. КСРО-ның құлағанына да дәл осы айда – желтоқсанда 25 жыл толады. Бұл да той. Біз үшін той.

maxresdefault (1)КСРО-ның құлағанына өлгенше өкінетін бір ел бар.

Ресей. Іргемізде отыр. Өкінетінін соңғы кездері жасырмай айтуда. Анау-мынау емес Путиннің аузымен…

«КСРО-ның күйреуін ХХІ ғасырдағы ең ұлы трагедияға» теңеген осы кісі. Кейін тағы айтты. Құдай біледі, әлі де айтады…

Айта берсін. Арманын білеміз. Орындалмайды. Орындалмайтынын біз емес Бжезинский айтқан. Аңызға айналған «Ұлы шахмат тақтасын» оқығаныңыз бар ма? Міне, осы кітаптың авторы.

«Мені Владимир Путиннің мемлекетті билеу стилі алаңдатады. Оның сөзінен соғыстың сарынын, орыс шовинизмінің риторикасын аңғарамын. Ол «қырғи қабақ» соғысқа қайта оралғысы келеді. Бірақ, ол кешігіп қалды. Путин қазіргі тарихтың бетбұрысын, бағытын өзгерте алмайды», – деген Бжезинский.

Рас айтады. Ойлап қарағанда адамға «орыс әлемі» деген идеяның өзі утопия. Бұл идея қайда барса да қарсылыққа ұшырайды ендігі.

Қарсылықтың қандай болатынын Украина көрсетіп берді.

КСРО-ның құлағанына ширек ғасыр. Құлады, қирады, ұмытылды. Бірақ, кейбіреулердің санасында өткен күнге деген сағыныш әлі де сақталған.

Бір жолғы жиында Қазақстан мен Ресейді «бауырлас елдер» деп санайтын саясаттанушының сөзін тыңдадық. Атын айтпай-ақ қоялық. Сөзі маңызды.

Ол не деді?

Buratino_goldenkey_9«Қазақстандық қоғамда әлі де болса «советский» брендтердің ықпалы күшті. Оларға деген сағыныш сезіліп тұрады. Өзге посткеңестік елдерде мұндайды мүлде байқамайсың. Бұған не себеп?

Айталық, Алматыдағы «Кока-кола» зауыты өз өнімінен тыс «Буратино» лимонадын өндіреді. «Буратиноның» кеңестік бренд екені барлығымызға белгілі. Аталған өнімді өндіру арқылы нарықты жаулайтындарына сенімді болғасын компания осы сусынды шығара бастады. Қазақстанда «советский», «русский» деп аталатын өзге өнімдер де жетіп артылады. Мұндайды Украинада елестету қиын. Бұл өткен күнге деген сағыныштың көріністері болар. Мысалға, мен жақында ғана «Советская мусульманская» деп аталатын жергілікті шұжықты сатып алдым. Кеңес өкіметінің дінге деген көзқарасы қандай болғандығын ескерсек, мұны нағыз парадокс деп бағалауға болар еді…».

Сіз қалай ойлайсыз, саясаттанушының сөзі рас па? Рас болса, сағыныштың табын қалай жоюға болады? Әлде бұл әлі де болса өткен күннің елесінен арыла алмай жүрген азғантай топтың сандырағы ма?

Топшыларсыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз