Қазақстан азаматы ресей шекарашыларына пара ретінде бал бермек болды

39 просмотров

Қазақстанда жүрген жерінде пара беріп үйренген бір азаматымыз ресейлік шекарашыларға пара ретінде 30 келі бал ұсыныпты. Бұл туралы Altapress.ru басылымы жазады.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстан азаматы Алтай өңіріндегі Горняк шекара бекетінен 4 тонна бал алып өтпек болған. Ол өз жүгін міндетті тексеруден өткізбей-ақ шекарадан шығара салуды өтініп, пара ретінде шекарашыларға 30 келі бал бермек болыпты.

Алайда ресейлік шекарашылар қанша жерден тәтті болса да, параны алмай, пара бергені үшін қазақстандықтың өзін тиісті органдардың қолына тапсырды.

Загрузка...