Қазақстан 330 тонна ауыл шаруашылық өнімін Қырғызстанға қайтарды

44 просмотров

Қазақстан 4 шілдеде Қырғызстанға 330 тонна болатын өнімді қайтарып берді.

Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, болгар бұрышы оңтүстік америкалық қызанақ күйесіне; өрік, шабдалы және алма — шығыс жеміс жегісіне; картоп — алтын картоп жұмыр құртына; жүзім — Комсток құртына шалдыққан.

Қазақстанға әкелінген 142 тонна өнімнің фитосанитарлық куәлігі дұрыс еместігі анықталған.

Министрлік мәліметі бойынша, биыл 4 мамырда Қазақстан көрші қырғыз елінің картобын өткізуге уақытша шектеу қойды. Ол да фитосанитарлық талаптарға сай еместігіне байланысты болды. Шешім қабылданар бұрын да карантин нысандарының өнімдерін кіргізуге қатысты 79 факт тіркелген.

Қырғызстан мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының «Азаттыққа» хабарлауынша, шаруалар қойылған талаптарды орындамастан, өнімдерін өз беттерімен өткізуге тырысуын қоймай келеді.

Загрузка...