Атырауда сот 30 интернет-ойынхана сайтын жапты

18 просмотров

Атырауда сот шешімімен 30 интернет казино сайтының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінен.

«Атырау қалалық соты Атырау қаласы прокурорының интернет-казиноны заңсыз деп тану туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады. Сот отырысы барысында қазақстандық пайдаланушылар еркін кіре алатын 30 сайт жұмыс істейтіні анықталды.

Бұл сайттарда «Frank-cazino» жұмыс істейді, мұнда онлайн-режімінде бірнеше құмар ойын түрлерін («Зеросыз» және жанды дилермен рулеткада онлайн-ойын, блэкджек, покер)   ойнау және ұтыс төлеу мүмкіндігі бар.

Сот шетелдік бұқаралық ақпарат  құралының «Frank-cazino» интернет ресурсының өнімін заңсыз деп танып, Атырау қаласы прокурорының өтінішін қанағаттандырды. Сот оны ҚР аумағына таратуды тоқтатуға қаулы етті. Сот шешімі заңды күшіне енді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.

 

Загрузка...