Атырауда құрылысшы биіктен құлап, көз жұмды

55 просмотров

Атырауда ер адам төртінші қабаттан құлап, жедел жәрдем келгенге дейін алынған жарақаттар салдарынан көз жұмды.

«Ақ Жайық» газеті хабарлағандай, қайғылы оқиға 6 тамызда кешке орын алды.

«Сағат 20.40-та ТЖД кезекшісіне Нұрсая ықшамауданындағы №106 үйдің құрылыс алаңында орын алған қайғылы оқиға туралы хабарлама келіп түсті», — деп жазады басылым.

Өңірлік газеттің ақпаратынша, қала маңындағы Тасқала поселкесінің 20 жастағы тұрғыны 4-қабаттағы биіктіктен құлап, алынған жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Тергеу жүргізілуде.

Загрузка...