Атырау облысында 1-4 сынып оқушыларының ыстық тағамы үшін 1 млрд теңге бөлінді.
«Биыл аз қамтылған жанұялардың балалары ғана емес, 1-4 сыныпта оқитын 48 145 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін қаражат бөлінді. 35 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамен 2 миллиард теңге бағытталды. Облыстың 192 мектебін жөндеу үшін қаржы бөлінді», – деп хабарлады облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында деп хабарлайды ҚазАқпарат.