Ол екі кәсіпкерден 2,1 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен құрықталды.
28-шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Астана қаласындағы департаменті қызметкерлері астаналық әкімдіктің Жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Е.Н.Сүлейменовті екі кәсіпкерден 2,1 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады деп хабарлайды ұлттық бюро баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.
Тура сол күні Сүлейменов аялдамаларды тазалап, бояу жұмыстарының атқарылғаны туралы актіге қол қою үшін 600 мың теңге көлемінде сыйақы алған.
Оның заңсыз алған әр сыйақысының мөлшері мемлекеттік сатып алуларда ұтып алынған тендер сомасының 10 пайызын құрап отырған.
Қазір Сүлейменов Астана қаласы ішкі істер департаментіне қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.