Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

50 просмотров

Қазақстан велоспорт федерациясы «Астана» президенттік спорт клубымен бірлесіп Астанада Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік велошеру өткізді.

14413955256gsgq

Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, велошеру қатысушылары «Салтанат сарайы» аумағынан басталып, Қабанбай батыр көшесі арқылы «Астана-Арена» алаңын басып өтеді. Велошеру «Сарыарқа» республикалық велотрегінің жанында аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға, велоспортты насихаттауға бағытталған. Бұдан бөлек, мерекелік шара Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұлы ерлігіне тағзым етуді көздейді.
Загрузка...