Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанадағы мектепте психикасы сау емес адамды тарих пәнінің мұғалімі етіп қойыпты

Психиатр дәрігерлерден құралған комиссия  2014 жылы А. деген азаматқа «сирек болатын құрысусыз пароксизмалық эпилепсияға байланысты жеке басының бұзылуы» деген диагноз қойған. Ал, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, бұндай диагнозы бар адам ұстаздық қызмет атқара алмайды.

«Осыған байланысты қала прокуратурасы Астана қаласының білім басқармасының атына мектеп директорының А. деген азаматты оқытушы ретінде қабылдау туралы бұйрығының күшін жою туралы наразылық білдірді. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша А. деген азамат қызметінен босатылды»,-деп хабарлайды дереккөз.

Бұл адамның жалған анықтама жасатуына қатысты мәселені қарау үшін прокуратура істі Астана қаласының ішкі істер департаментіне жолдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз