Астанадағы ақылы тұрақтардың бағасы белгілі болды

32 просмотров

Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында автокөліктердің ақылы тұрақтары мәселесі қаралып, олардың болжамалы бағалары айтылды.

001

Қазір ақылы тұрақтың қызметін пайдаланғаны үшін базалық тарифті бекіту туралы қаулы дайындалып жатыр. Есептеулер бойынша 182 теңгені құрауы тиіс, алайда әлеуметтік маңызы ескеріліп, сағатына 150 теңге болсын деген ұсыныс бар.  Ал мүгедектер тегін пайдаланатын болады.

Отырыс барысында ақы тек күндізгі уақытта алынатыны, сондай-ақ жобаның екінші кезеңінде ақылы тұрақтардың жанында орналасқан үйлердің тұрғындары үшін  резиденттік рұқсаттар қарастырылатыны айтылды. Яғни, тұрғындар көліктерін тегін қоя алады.

«Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде сол жағалауда  910 көлік орны қамтылады. Біздің мақсатымыз – жобаның өміршеңдігіне көз жеткізу және оның одан әрі жұмыс істеуіне қажетті техникалық параметрлерді айқындау. Ақылы тұрақ – ақша жинаудың әдісі емес, ол  көше-жол жүйесіндегі кептелісті азайтудың бір құралы», – деді елорданың Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

 

Загрузка...