Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін курстар ашылды

20 просмотров

Елордада мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, соның ішінде, есту қабілеті бұзылғандар  қолдан бұйымдар, әшекейлер жасауды тегін үйренеді, — деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

f719960770e0c901c017ca59499

— Алғаш рет курстар 2010 жылы өткен. Өткен жылы елорда әкімдігінің қолдауымен, «Көмек» әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Ондағы сұлулық салонында мүгедектігі бар астаналықтарды оқытып жүргенімізге бір жыл болды. Үш айлық оқу аяқталған соң тәжірибе басталады. Былтыр курсты тәмамдаған қыздардың жартысы осы салонда, кейбірі басқа жерлерде жұмыс істеп жүр, — дейді «ЖасНұр» есту қабілеті төмен азаматтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қызылгүл Сембина.

Биыл сабақтар мамыр айында басталған. Бізде шаштараздың, маникюр шеберлерінің курстары бар. Жобаны іске асырған уақыттың ішінде 50-ден астам мүмкіндігі шектеулі тұлға оқытылды. Енді олар қызмет көрсетіп, ақша тауып, жұмыссыздар санатынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өтеді. Бұл жолы мүгедектігі бар 15 адам оқып жатыр. Салондағы курстардан басқа, табиғи тастардан әшекейлер жасау бойынша сабақтар өткізіліп, тігін шеберханалары жұмыс істейді. Күзге қарай, кілем тоқу үйірмесін, жиһаз жасау цехын ашу жоспарланған.

— Топқа көп адамды қабылдауға болмайды, бір топта 5-6 адам ғана оқиды, сонда тиімді болады, сонымен қатар, бізбен бірге ым тілінің мамандары да жұмыс істейді, — деді Қ. Сембина.

Бұдан басқа, Орталықта халықтың мұқтаж топтарына, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар, аяқ киім, азық-түлік түрінде қайырымдылық  көмек көрсетіледі.

Көмек көрсетуге мүдделі азаматтар болса, 39-00-63, 39-00-61 телефондары бойынша хабарласа алады.

Загрузка...