Астана әкімдігінің жемқор екі басқармасын жазалауға ешкім асықпайды

38 просмотров

Астана қаласының жер қатынастары мен тұрғын-үй басқармаларының жетекшілеріне жемқорлық бойынша ескерту жасалды. Бірақ олар оны, тіптен, елер емес.

Аталған екі органда жемқорлық әрекеттерге себеп болатын жасырын мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жетекшісі Роман Кимнің айтуынша, осы уақытқа дейін әкімдікке қарасты 15 мемлекеттік органның жұмысына мониторинг жасалып, жемқорлықты жою бойынша ескертулер жасалды. Алты айдың ішінде олардың тарапынан тиісті шаралар қолға алынуы шарт. Дегенмен, екі басқарма жемқорлыққа қатысты ескертулерді ескерген де жоқ.

«Олардың ішінде жер қатынастары басқармасы мен тұрғын-үй басқармасы бар. Мәселен, жер қатынастары басқармасында төрт жасырын мемлекеттік қызметтер анықталды. Ал тұрғын-үй басқармасында бір жасырын қызмет бар болып шықты.

Ал «жасырын мемлекеттік қызмет» деген не? Ол түр-тұрпаты жағынан мемлекеттік қызметке жатса да, мемлекеттік қызметтердің реестріне кірмейді. Бұл дегеніміз, оған қатысты стандарт та жоқ, регламент те белгіленбеген деген сөз. Демек, ондай мемлекеттік қызметті көрсетуге заңнамалық негіз жоқ. Міне, дәл осындай жасырын қызметтер жемқорлық әрекеттерге жол ашады.

Осы орайда айта кетейін, жақын арада біз осы материалдарды этика бойынша арнайы кеңестің талқысына шығарып, аталған екі басқарманың бастығын тәртіптік жазаға тарту мәселесін көтеретін боламыз», -деді Роман Ким Астанада өткен жиында.

Загрузка...