Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды

73 просмотров

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

9e4651942204b5e555daf3c0b5c06306

«Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», — деп жазылған хабарламада.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соң, 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген.

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтер атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында –Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызына дейінгі  аралықта – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2015 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Загрузка...